Accessibility links

Еуропа Одағы дағдарыстың алдын алуға келісіп отыр


Еуропа Одағының жетекшілері Брюсселдегі жиындарында одақтың бюджет саласын реттеуге келісті.

Одақ жетекшілері сонымен қатар еуроға қауіп төндірген Грекияның қарыз дағдарысы сияқты қаржылық проблемаларды реттеп отыру үшін тұрақты қор құруға уағдаласқан. Германия мен Франция талап еткен мұндай шаралар Еуропа Одағының басты келісімдеріне өзгеріс енгізуді қажет етеді.

Бұл келіссөздер кезінде Еуропа Одағының 2011 жылғы бюджетін 5,9 пайызға көтеру ұсынысын қабылдамауды алға тартқан Британия одақтың басқа 10 елінің қолдауына ие болды. Британия 2,9 пайыздан жоғарыға өсірудің өзі дұрыс емес деп отыр.
XS
SM
MD
LG