Accessibility links

Қырғыз полициясын өлтірді деген этникалық өзбектер сотталды


Қырғызстан оңтүстігіндегі сот маусым айындағы этникалық қақтығыста қырғыз полициясы мен көлік жүргізушісін өлтірді деген айыппен этникалық бес өзбекті өмірлік түрмеге жапты.

Этникалық өзбектің төртеуі 25 жылға дейінгі өмірлік түрме жазасын алса, бесіншісі психикалық жағдайын анықтауға жіберілген. Айыпталушылардың сегізіне өмірлік жаза беруді сұраған прокурорлар мен қаза тапқан полицияның туыстары бүгінгі сот үкіміне көңілдері толмай отыр.

Ош пен Жалал-Абад аймақтарында маусым айында болған этникалық қақтығыс 400-ден аса адамның өмірін әкетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG