Accessibility links

Бағдадта қаза болғандар 52-ге жетсе, жаралылар - 67


Бағдадтағы христиан шіркеуінен кепілдікке түскен 120 адамды құтқару шарасы барысында қаза болғандардың саны 52-ге, ал жараланғандардың қатары 67-ге жетті. Операция жексенбі күні болды.

Ирақ ішкі істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, қаза тапқандардың арасында кем дегенде 1 дін қайраткері мен 10 полицей бар. Жараланғандардың көпшілігі - әйелдер.

Тұтқындардың басым көпшілігі экстремистердің қолынан қаза тапты ма әлде қауіпсіздік күштерінің операциясы себеп болды ма, әзірше, белгісіз.

Экстремистер Ирақ түрмелерінде отырған сыбайластарын және, олардың пікірінше, Мысырдың христиан шіркеулерінде өз ықтиярынсыз қамауда отырған мұсылман әйелдерін босатуды талап етті.

Ирақтың қорғаныс министрі Абдал Қадыр әл-Убайдидің мәлімдеуінше, Бағдадтағы христиан шіркеуіне жасалған қастандықты «Әл-Қаида» ұйымымен байланысты «Ирақ ислам мемлекеті» тобы өз жауапкерлігіне алып отыр.
XS
SM
MD
LG