Accessibility links

Ресми Токио Ресейдегі елшісін кейін шақыртып алады


Жапония Ресей президентінің Оңтүстік Курил аралдарына баруына байланысты өзінің Мәскеудегі елшісін уақытша кейін шақырып алатынын мәлімдеді.

Жапон үкіметінің хабарламасында ойып жазылғандай, сыртқы істер министрі Сэйдзи Маэхара елшіден Ресей президентінің 4 аралдың біріне баруының жай-жапсарын сұрап білмекші. Оңтүстік Курил аралдарын Күншығыс елі өзінің «солтүстік жерлері» деп есептейді.

Ресми Токио, сонымен бірге, премьер-министр Наото Канның Дмитрий Медведевпен осы аптаға белгіленген кездесуінен бас тартпағанын хабарлады. Екіжақты келіссөз Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы – АТЭС-тің саммиті кезінде өтуге тиіс еді.

Одан бұрын Наото Кан Ресей президентінің даулы аралдарға баруына өкініш білдіріп, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Токионың мұндай сезімін «қисызсыз» деп сипаттаған болатын.
XS
SM
MD
LG