Accessibility links

Ирақ парламенті дүйсенбі күні отырысын өткізеді


Ирақ парламенті сегіз айға созылған саяси тығырықтан шығу үшін дүйсенбі күні жаңа спикерді таңдауға жиналады. Бұл хабарламаны сәрсенбі күні парламент төрағасы міндетін атқарушы Фуад Массум таратты.

Ирақ Конституциясы бойынша парламент спикер мен оның екі орынбасарын таңдауы керек. Одан кейін парламентте басым орынды иеленген коалиция жетекшісі анықталып, үкімет құрады. Ирақ парламент сайлауы өткен наурыз айынан бері жаңа үкімет жасақтай алмай келеді.

Бұрынғы премьер-министр Айад Алави жетекшілік ететін сүнниттер блогы қазіргі премьер-министр Нури әл-Мәликидің шийттер блогынан аз ғана дауысты басым жинаған. Бірақ олар үкімет құруда бір ымыраға келе алмады.
XS
SM
MD
LG