Accessibility links

Күрд жікшілдері Стамбулдағы шабуылға жауапкершілікті алды


Бүгін "Күрд жұмысшылар қозғалысына" жақын жікшіл топ Стамбулда жексенбі күні болған жанкештілік шабуылға жауапкершілікті алды.

"Күрдістанның Азаттық сұңқарлары" деп аталатын топ өзінің вебсайтында, 32 адам жараланған жарылысты жасағанын жазған. Таксим алаңындағы ол шабуыл өш алу ретінде жасалды дейді олар.

Түркияда соңғы жылдары автономия алуды көздеген күрдтер бірнеше жарылыс жасаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG