Accessibility links

Армения Әзірбайжанмен тұтқын айырбастады


Бүгін Армения Бакуге Әзірбайжан азаматын беріп, армениялықтың мәйітін қайтарып алды. Бұл айырбас Ресейдің арағайындығымен жасалған соңғы келіссөздердің нәтижесінде жасалды.

Өткен аптада Ресейде кездескен Әзірбайжан мен Армения өкілдері Таулы Қарабахқа қатысты қақтығыс кезінде тұтқынға алынған азаматтарын айырбастап, қаза тапқандарының мәйітін қайтаруға келіскен.

Бейсенбі күнгі алмасулар Халықаралық Қызыл крест комитетінің қолдауымен өтті.

Халықаралық арағайын елдер 1990 жылдары Әзірбайжаннан Ереванның қолдауындағы Армения күштері тартып алып, 30 мың адамның өліміне әкелген Таулы-Қабарахтағы қақтығысқа алаңдап отыр.

Осы жылы аймақтағы атыстардан екі тараптың 21 әскері қаза болды. Оның 11-і өткен екі ай ішінде мерт болды.
XS
SM
MD
LG