Accessibility links

Гаитиде "Томас" дауылы соқты, құрбандар бар


Дауыл салдарынан кемінде 6 адам қаза тапқан. Су басуы мүмкін, лай көшкіні жүру қаупі бар деген ескертулер жасалды.

Билік қаңтар айындағы зілзаладан кейін палаткалар қалашығында тұрып жатқан мыңдаған адамды қауіпсіздеу жерге қоныс аударуға шақырды, бірақ тұрғындар «барар жер, басар тауымыз жоқ» дейді.

"Томас" дауылы Санта-Лючия аралында 14 адамның өмірін алып кетті.
XS
SM
MD
LG