Accessibility links

Ресейдегі Жапония елшісі Мәскеуге қайтып барады


Жапонияның Ресей президенті Дмитрий Медведевтің даулы Курил аралдарына сапарынан кейін шақыртып алған Мәскеудегі елшісі жексенбі күні Ресейге қайтып барады деп хабарланды. Бұл туралы Жапонияның ақпарат агенттіктері үкіметтік бұлақтарға сілтеме жасап хабарлады.

Ресейдегі Жапония елшісі Масахару Коно сәрсенбі күні Ресей президентінің Курил аралдарына сапарына Токионың қарсылық танытуынан кейін еліне қайтып кеткен.

Жапония өз аймағы деп санайтын бұл аралдарды Совет күштері Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында басып алған.
XS
SM
MD
LG