Accessibility links

Ауған депутаттары мен үміткерлер өткен сайлауға қарсылық танытты


Бүгін Ауғанстанда бір топ заңшығарушы мен парламент сайлауына қатысқан үміткерлер жиын өткізіп, қыркүйектің 18-індегі парламент сайлауы заңсыз деп қайтадан сайлау өткізуге шақырды.

Көптеген заңсыздықтар болды деген парламент сайлауының қортындылары әлі жариялана қойған жоқ. Рейтерс агенттігінің жазуынша, парламент сайлауын қайта өткізуді көздеген жиналған топ өткен дауыс берулер заңсыз болды деп отыр.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау дауыстарының төрттен бірін жарамсыз деп таныған. Наразылық шарасын өткізушілер Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың сарайы мен БҰҰ-ның кеңсесіне дейін барып қайтқан.
XS
SM
MD
LG