Accessibility links

Грузияда уранды сатпақ болған 2 азамат сотталды


Дүйсенбі күні Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, екі армян азаматы Грузияға қару жасауға қажетті уранды контрабандалық жолмен алып кірмек болғанын мойындады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, осы істі әшекерелеуге атсалысқан құпия агенттерді қорғау үшін сот мәжілісі жабық өтті.

Грузин ішкі істер министрлігінің өкілі Шота Утиашвилидің Франс-Пресс агенттігіне хабарлағанындай, 2010 жылдың наурызында 2 армян азаматы байытылған уранды өздерін ымырасыз исламшылдармыз деп таныстырған құпия агенттерге 1,5 миллион долларға сатпақ болыпты.
XS
SM
MD
LG