Accessibility links

Израиль Шығыс Иерусалимде 1300 үй салмақшы


Израиль арабтар тұратын Шығыс Иерусалимде еврей отбасыларына арналған 1300 жаңа пәтер салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон бейсенбі күні Нью-Йоркте Израиль премьер-министрі Бенямин Нетаняхумен кездесуі барысында осы мәселені көтермек.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Израиль үкіметінің жоспарына байланысты алаңдаушылық танытты. Палестина президенті Махмуд Аббастың көмекшісі егер Израиль пәтер салуын жалғастырса, Палестина келіссөздерге мүлдем оралмайды деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG