Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдан кемінде 3 адам мерт болды


Бүгін Бағдадтағы жарылыстар мен шабуылдардан кемінде 3 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Ирақ астанасындағы бұл шабуылдар христиандарға бағытталған көрінеді.

Осыдан 10 күн бұрын Бағдадта Рим католиктерінің шіркеуіндегі шабуылдан 40-тан астам христиан мерт болған еді. Ол оқиғаға байланысты жауапкершілікті "Әл-Қаидаға" қатысы бар бір топ өз мойнына алып, алда христиандарға шабуылдарын күшейтетіні туралы ескерткен болатын.

Ирақта қазір 500 мыңға жуық христан тұрады.
XS
SM
MD
LG