Accessibility links

Жовтис БҰҰ адам құқықтары комитетіне шағымданды


Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаушы Евгений Жовтис БҰҰ-ның адам құқықтары комитетіне өзінің түрмеге жабылғаны туралы шағым түсірді. Жовтис өзінің қамалуын оның үнін өшіруге бағытталған деп бағалайды.

БҰҰ комитеті адам құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарайтын халықаралық ұйым боп табылады. Қазақстандағы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 2009 жылдың 3 қыркүйекте 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
XS
SM
MD
LG