Accessibility links

Досқалиев тергеу изоляторында тексеруден өтті


Уақытша тергеу изоляторында жатқан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті Әділет министрлігінің медицина мамандары медициналық тексеруден өткізді. Бұл туралы бүгін "Время" газеті хабарлап отыр.

Экс-министрдің адвокаты Эдуард Шомпиевтің басылымға хабарлауынша, мамандар Досқалиевті тергеу изоляторында қарап, өз зерттеуін жүргізген.

Оның сөзінше, алдында медициналық тексеріс жүргізген Ресей дәрігерлерінің қортындысы назарға алынбауі тиіс. Себебі олар жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауап тартылмайды екен. Оның үстіне Шомпиевтің атап өтуінше, Досқалиев инсульт алғаннан соң 12 күннен кейін келген Ресей дәрігерлерінің өзі инсульт болғандығын түбегейлі жоққа шығармаған.

Қазір Қаржы полициясы қылмыстық іс қозғаған Жақсылық Досқалиев денсаулығына байланысты тергеуші сұрақтарына жауап бере алмауда, деп жазады басылым.
XS
SM
MD
LG