Accessibility links

Петропавлда Шоқан Уәлихановтың мерейтойы аталып өтуде


Солтүстік Қазақстан облысында ұлы ағартушы ғалым, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатыр.

Бүгін Шоқанның өскен жері Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында арнайы шаралар өткізілуде. Онда қонақтар Шоқанның әжесі Айғаным қонысын аралап, М. Гонопольскийдің «Даланың соңғы ханзадасы» атты деректі, «Шоқан Уәлиханов» көркем фильмін және өнерпаздар концертін тамашалайды.

Сәрсенбі күні мәртебелі меймандар Шоқан Уәлихановтың Петропавл қаласындағы мүсініне және барельефіне гүл шоқтарын қойды. Одан соң М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Аққан жұлдыздай тағдыр» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Кешке Николай Погодин атындағы орыс драма театрының ұжымы «Шоқан Уәлиханов» спектаклін сахналады.
XS
SM
MD
LG