Accessibility links

Сеул: «G20» саммиті «Базель-3» келісімін қолдады


Бүкіл әлем экономикасының 80 пайызын құрайтын ірі 20 елінің басшылары жұма күні Сеулде аяқталған 2 күндік саммиттің барысында банк жүйесін реттеудің «Базаль-3» деп аталатын келісімді қолдады.

Ол келісімді қыркүйек айының ортасында халықаралық банк бақылауының Базель комитеті мақұлдаған болатын. Өнеркәсібі дамыған елдердің көпшілігі кіретін комитеттің бұл келісім әлемдік қаржы нарығын дағдарыстан кейін реттеудің ең маңызды құжатының бірі саналады.

Атап айтқанда, банктердің өзіндік капталының «Базель-2» келісімі бойынша жеткілікті саналатын нормасы – алдағы 8 жылдың ішінде – 4 еседен де артады. Сонымен қатар банктер дағдарысқа қарсы қосымша қор жасауға тиіс.

Оған қоса жаңа ережелер банктер үшін жай кеңес болудан қойып, орындамаған жағдайда айып салынатын қатаң талап-шартқа айналады.
XS
SM
MD
LG