Accessibility links

Ақтауда түрмеден қашқан 6 тұтқын сотталды


Ақтау қалалық сотының үкімі бойынша, 2010 жылдың маусымында түрмеден топ болып қашқаны үшін 6 тұтқын 9-дан 14 жылға дейінгі мерзімдерге кесілді. Олар жазасын айрықша тәртіпті колонияда өтейтін болады.

Ол туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз-қызметі хабарлады.

Осыған дейін Азаттық хабарлағандай, билығы 22 маусымда 21 тұтқын түрмеден қашып шықты. Оларды ұстау кезінде 15 қашқын мерт болды. Қолға түскен алтауы мен олардың сыбайласына қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Тұтқындар қашқан колонияның бұрынғы қызметкерлерінің бірқатары да жауапқа тартылады.

Осы оқиғадан кейін Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев қызметінен кетті.
Прокуратураның хабары бойынша, 6 тұтқынның бірі 14 жылға, төртеуі 12 жылға, бірі – 9 жылға кесілді.

Олардың сыбайласы 4 жыл мерзімге кесілді.
XS
SM
MD
LG