Accessibility links

Обама Ресей жетекшісіне ядролық келісім басым бағыт екенін айтты


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесіп, АҚШ Сенатында қарсылықтарға тап болып отырған стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімдері туралы сөйлесті.

Обама мен Медведев Азия тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы аясында кездесті. Екі елдің жетекшісі ядролық оқтұмсықтар санын екі тараптан да 30 пайызға дейін қысқартатын жаңа келісімнің маңыздылығына тоқталды.

Бұл ядролық пактіні жақтаушылар келісім жаңа бақылау жүйесін құруда ең маңызды элемент екенін айтады. АҚШ пен Ресей президенттері аталған құжатқа сәуір айында қол қойып, Сенаттың мақұлдауына жіберген.
XS
SM
MD
LG