Accessibility links

Гуанчжоу: Қазақстан үш күміс пен жеті қола медаль алды


Гуанчжоудағы XVI Азия ойындарында бүгін оқ атуда қазақстандық мерген Ольга Довгун күміс медальды жеңіп алды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасында әзірге үш күміс және жеті қола медаль бар. Жүлделік есеп бойынша Қазақстан екі сатыға жоғарылап, 8-орынға шықты.

Жалпыкомандалық бейресми есепте Қытай құрамасы алда келеді. Оларда барлығы 70 медаль бар. Оның 40-алтын. Екінші және үшінші орында Оңтүстік Корея мен Жапония келеді.
XS
SM
MD
LG