Accessibility links

Биыл қажылыққа 2,5 млн мұсылман барды


Сауд Арабиясында 2,5 миллионнан астам қажылыққа келген мұсылман қасиетті Арафат тауына шыға бастады.

Арафат тауына көтерілу – қажылықтың ең маңызды бөлігінің бірі. Әрбір мұсылман ғұмырында ең болмағанда бір рет қажылыққа барып, қасиетті Арафат тауына көтерілуге міндетті.

Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбар өзінің үзеңгілестерімен осы таудың басында тұрып қоштасқан.

Биыл Сауд Арабиясының үкіметі қажылыққа келгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шара қабылдады. Осыған дейін қажылық кезінде кісі қазасына соқтырған түрлі қайғылы оқиға болған еді.
XS
SM
MD
LG