Accessibility links

Иранда Германия азаматтарына тыңшылық айыптары тағылды


Иранда тұтқындалған 2 германиялық азаматқа тыңшылық жасады деген айыптар тағылып отыр. Жартылай ресми "Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Әзірбайжан өлкесіндегі сот төрағасы Малекаждар Шарифи Германия азаматтарына тағылған айыптар мақұлданды деген.

Әлгі германиялық азаматтар зинақорлық жасады деген айып бойынша өлім жазасына кесілген әйелдің ұлы Сакинеһ-Мохаммади Аштианимен сұхбат өткізіп жатқан кезінде қамауға алынған болатын. Ресми өкілдердің айтуынша, Германия азаматтары Иранға туристік визамен барған, олардың журналистік әркеттермен айналысуына рұқсат етілмеген.
XS
SM
MD
LG