Accessibility links

"Таң" телеарнасының операторына қастандық жасалды


Алматыда "Таң" телеарнасының операторы Нұрбол Қызықбаевты белгісіз бес адам ұрып кеткен. Оқиға қарашаның 17-сінде болған. Дәрігерлердің сөзінше, Нұрлан басынан зақым алып, қабырғасы сынған.

Қазір бұл іспен Әуезов аудандық полициясы айналысып жатыр.

Оқиға телеарна кеңсесінің жанында болған. Оператордың сөзінше, өзін соққыға жыққан адамдар ақшасын тартып алып кеткен.
XS
SM
MD
LG