Accessibility links

Ирландия Халықаралық валюта қорынан ірі несие алуы мүмкін


Ирландия Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан ондаған миллиард еуролық несие алуы мүмкін. Бұл туралы Ирландия Орталық банкі басшысы Патрик Хонохан хабарлады.

Бүгін ЕуроОдақ пен Еуропа Орталық банкінің және Халықаралық валюта қорының өкілдері Ирландияның қаржылық жағдайын тексереді. Ирландия үкіметі қарызға батқан бірқатар банктерді өз бақылауына алуға мәжбүр болып отыр.
XS
SM
MD
LG