Accessibility links

Әзірбайжан соты тәуелсіз 2 блоггерді түрмеден босатты


Әзірбайжандағы сот түрмеге жабылған 2 блоггердің екіншісін босату туралы үкім шығарды. Олардың түрмеге жабылуы халықаралық наразылық туғызған болатын.

Эмин Миллиді босату туралы жұма күнгі үкімінен бұрын сот бейсенбі күні бірінші блоггер Аднан Хаджизадені босату туралы шешім қабылдаған еді.

Осы 2 блоггер 2009 жылдың шілдесінде Баку мейманханасында бұзықтық істеді деген айыппен сол жылдың қарашасында сотталды. Хаджизаде 2 жыл мерзімге, Милли – 2,5 жылға кесілді.

Блоггерлер өздерінің саяси көзқарастары үшін жазаға тартылғандарын мәлімдеді. Әзірбайжанның тәуелсіз баспасөз құралдары мен шетелдік шенеунектер екі блоггердің түрмеге жабылуы себептеріне күмән келтірді.

Олар Интернетке ресми билікті сықақтап, есектің баспасөз-маслихатын өткізгені туралы бейнесюжет шығарғаннан кейін тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG