Accessibility links

Е.Жовтис өзінің қысым көріп отырғанын мәлімдеді


Өскемендегі колония-қонысында жазасын өтеп жүрген адамның құқын қорғаушы Евгений Жовтис колония әкімшілігі тарапынан өзінің қысым көріп отырғанын мәлімдеді. Ол оны заңсыз деп есептейді.

Сот 2009 жылы Жовтисті кісі өліміне себеп болған автокөлік апатына кінәлі деп тауып, 4 жыл мерзімге колония-қонысына кескен болатын.

«Колония-қонысының жартылай ашық мекеме болуына және сотталғандардың күзетілмей, бақылауда болуына қарамастан және 130 сотталғанның 100-ден астамының колониядан тыс жұмыс істеуіне қарамастан, саяси астармен маған ондай мүмкіндік берілмеді», делінеді Жовтистің мәлімдемесінде. Мәлімдемені жұма күні баспасөзге Қазақстанның адамның құқы бойынша бюросы жариялады.

Жовтистің пікірінше, колония әкімшілігі оның кез-келген ақпаратты сыртқа беруіне жол бермеуді көздейді.

«Осындай мақсатпен колонияда мен жазған құжаттар мен матеиалдарды және компьютер флешкаларын іздеу үшін менің зайыбым әрі адвокат Светлана Витковскаяны тінтитін арнайы тәртіп орнатылды», - дейді Жовтис.
XS
SM
MD
LG