Accessibility links

Ауғанстанда 19 кандидат заңсыз деп танылды


Ауғанстандағы парламент сайлауында болған заңсыздықтарды зерттеген ресми комиссия дауыс берудің алдыңғы нәтижесі бойынша жеңімпаз деп айтылған 19 кандидат заңсыздыққа барған деп танылды.

Сайлау шағымдарын қарайтын комиссия мүшесі Ахмад Зия Рафаттың жексенбі күні Кабулда айтуынша, жалған дауыстар пайдаланып, аймақтық ресмилерге ықпалын жүргізген заңсыздықтар бойынша бірнеше кандидат сайлаудан шығарылды.

Рейтерс агенттігінің хабарына қарағанда, аластатылған кандидаттардың жетеуі парламент мүшелері болған және біреуі президент Хамид Карзайдың ағайыны болып отыр. Комиссия мүшесі шығарылған кандидаттар қайта шағым түсіре алмайды деді.

Қыркүйектің 18-де өткен парламент сайлауының ақырғы қортындысы дауыс беру кезіндегі заңсыздықтарға байланысты әлі жарияланған жоқ.
XS
SM
MD
LG