Дүйсенбі күні Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының өкілдері Ирландия үкіметімен осы елге шұғыл қаржылай көмек көрсету туралы келісімнің жай-жапсарын талқылай бастайды.
Осыған дейін мәлім болғандай, ирланд үкіметі елдің банк саласындағы дағдарыспен күресу үшін ресми түрде көмек сұрап, ЕуроОдақ елдерінің қаржы министрлері қаржылай көмек бөлуге келісті.
Министрлердің бірлескен мәлімдемесінде кесіп айтылғандай, мұндай көмек ЕуроОдақтың қаржылық және еуро валютасы аумағының тұрақтылығына қосымша кепілдік бере алады.
Жорамал бойынша, Ирландияға 90 миллиард еуро көлеміндегі көмек бөлінуі ықтимал.