Accessibility links

Камбоджада бейсенбі азалы күн деп жарияланды


Камбоджада бейсенбі, қарашаның 25-і азалы күн деп жарияланды. Ел астанасы Пномпень қаласында қалың адам тобының ішінде қаза тапқандар
саны 350 адамға жетті. Олардың көпшілігі - әйелдер. Тағы жүздеген адам түрлі жарақат алған.

Оқиға Су байқауын (Судың кері айналып ағуы) тойлау барысында Тонлесап өзенінен Алмаз аралына апаратын тар көпір үстінде орын алды.

Оқиғаны өз көзімен көргендердің айтуынша, көпірдегі тәртіпсіздіктер бір топ адам арасында бірнеше адам есінен танып қалған соң басталған. Кей ақпараттарға қарағанда, біреу "көпір сынып бара жатыр" деп айқайлаған.
Мерекеге қатысамыз деген кейбір адамдар адам аяғының астында тапталып қалса, кейбіреулері өзенге құлап, батып кеткен.

Премьер-министр Хун Сен болған оқиғаны "қызыл кхмерлер" кезеңінен бергі Камбоджа тарихында орын алған ең қайғылы жағдай деп атады.
XS
SM
MD
LG