Accessibility links

Тергеу Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін ұзартуды сұрап отыр


Тергеушілер бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда болу мерзімін 3 айға дейін ұзартылуын сұрап отыр. Бұл туралы ҚазТАГ экс-министрдің адвокаты Эдуард Шомпиевке сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу прокуратураға Досқалиевті 2-ші қаңтарға дейін қамауда ұстауға рұқсат сұрап, өтініш жасаған.

Шомпиевтің айтуынша, экс-министр әлі күнге медблокта жатыр. Өткен аптада қаржы полициясы сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялады. Сараптама бойынша, денсаулық сақтау экс-министрінің сол жағы сал болды деген диагноз расталған жоқ.
XS
SM
MD
LG