Accessibility links

Азия ойындарында допинг-тестен тағы бір спортшы өтпей қалды


Гуанчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Өзбекстанның тағы бір спортшысы допинг-тестен өтпей қалды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлап отыр.

Тесттен өтпеген палуан Жахонгир Муминов ойыннан шеттетілді.

Бұған дейін өзбекстандық дзюдошы Шокир Муминов, допинг қолданғаны үшін күміс жүлдеден қағылып, екі жыл мерзімге ресми жарыстарға қатысудан шеттетілді.

Азия ойындары әр төрт жыл сайын өтеді. Биыл бұл жарысқа 45 елдің 14 мыңға жуық спортшысы қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG