Accessibility links

Путин Дикаприоны "нағыз ер" деп атады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Голливуд актері Леонардо Дикаприоны "нағыз ер" деп атады. Путин Дикаприоны Санкт-Петербургтағы жойылып кету қаупі төніп тұрған жолбарыстар туралы саммитке барғаны үшін мадақтады.

Актердің ұшағы Нью-Йоркте төтенше жағдайда жерге қонып, оның екінші ұшағы нашар ауа-райына байланысты Хельсинкиде тоқтауға мәжбүр болды. Путин жолбарыстарды құтқаруға миллион доллар беруге уәде еткен Дикаприоға өз алғысын білдірді. Ал актер болса өзінің жартылай орыс екендігін айтты.
XS
SM
MD
LG