Accessibility links

Сот Досқалиевті 12 қаңтарға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды


Астана соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің қамауда болу мерзімін 3 айға дейін ұзарту жөніндегі қаржы полициясының өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы бейсенбі күні "ҚазТАГ" агенттігіне хабарлаған адвокат Эдуард Шомпиев енді сот шешіміне шағымданатынын айтты.

Экономикалық және жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігі Досқалиевті 12-ші қаңтарға дейін қамауда ұстау туралы өтініш жасаған болатын.

Қыркүйек айында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Досқалиевтің үстінен жемқорлық қылмысқа қатысты іс қозғалған еді.
XS
SM
MD
LG