Accessibility links

Оңтүстік Корея: жаңа қорғаныс министрі тағайындалды


Жұма күні Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак ұлттық қарулы күштердің штаб бастықтары комитетінің бұрынғы төрағасы Ким Хван Чинді қорғаныс министрі етіп тағайындады.

Бұрынғы министр таяуда Солтүстік Корея оңтүстік көршісінің аралын зеңбіректерден атқылауынан кейін бейсенбі күні қызметінен кеткен болатын. Оның салдарынан 4 кісі қаза болды.

Жұма күні тағы сол ауданда зеңбірек атысының жаңғырығы естілді. Бірақ Оңтүстік Кореяның аумағы атқыланбады. Әскер басылары бұл Солтүстік Кореядағы әскери жаттығулардың жаңғырығы болар деп жориды.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея да Сары теңізде АҚШ-пен арадағы бірлескен жаттығуға әзірленіп жатыр.

Ресми Пхеньян бұл жаттығулар Корея түбегін «соғысқа жетелейді» деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG