Accessibility links

Қытай мен АҚШ Корея дағдарысына қатысты келіссөз өткізді


Қытай мен АҚШ Сеул мен Пхеньян арасындағы шиеленісті реттеу жөнінде келіссөз өткізді. Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечи АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сөйлесіп, сейсенбі күнгі оқиғаның қайталануының алдын-алу мәселесін талқылады.

Қарашаның 23-інде Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, екі сарбазды өлтірді. Сеул бұған жауап қайтарып, жексенбі күні АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығу өткізетінін хабарлады. Пхеньян бұл жаттығулар аймақтағы соғысқа жол ашады деп ескертті.

Вашингтонның айтуынша, жоспарланып отырған бірлескен жаттығулар Бейжіңге бағытталмаған. Бүгін Оңтүстік Корея сейсенбі күні қаза болған сарбаздарды жерледі.
XS
SM
MD
LG