Accessibility links

Қытай Корей елдерінің текетіресін реттеуге тырысатынын айтты


Қытай Оңтүстік Кореяның президентімен оңтүстік және солтүстік корей елдері арасында орнап отырған шиеленісті реттеу бойынша бірлесе жұмыс жасауға келіскенін айтты.

Циньхуа агенттігінің жазуынша, ондай келісім Сеулде Қытай мемлекеттік кеңесшісі Дай Бингуо мен Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак арасында жасалды.

Сеул Коммунистік Солтүстік Кореяның одақтасы Қытайды Корей түбегіндегі жағдайды дұрыс бағалауға шақырды.

Оңтүстік пен Солтүстік Корея елдері арасындағы қақтығыс Солтүстік Корея Оңтүстіктің аралын атқылап, екі әскер мен екі тұрғынды өлтірген соң ушығып отыр.

Бұл тұста Пхеньян жексенбі күні басталып отырған АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен теңіз жаттығуларының кері салдары болуы мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG