Accessibility links

Қазақстан: 10 университет лицензиясының күші тоқтатылды


Қазақстанның 10 жоғары оқу орнының лицензияларының күші 6 айға тоқтатылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында көрсетілген.

Жыл басынан бері елдегі 16 жоғары оқу орнында мемлекеттік бақылау жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар әкімшілік шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, 10 оқу орны лицензиясының күші 6 айға, ал келесі жылдан бастап бірқатар жоғарғы оқу орындарында жекелеген мамандықтар бойынша лицензия қолданысы мүлдем тоқтатылады.
XS
SM
MD
LG