Accessibility links

Қоғам белсенділері Храпуновтың Қазақстандағы қызметін тексермек


Алматының бұрынғы әкімі, бүгінде Швейцарияда тұрып жатқан Виктор Храпуновтың қызметін тексеретін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Орта Азиядағы адам құқығы жөніндегі мұсылмандар комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тиісті келісім шартқа комитет директоры Мұрат Телебеков пен швейцарлық «Хуманитас Хелветика» қоғамдық ұйымы президенті Ханс-Ульрих Хельфер қол қойды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, қоғамдық ұйымдар, Қазақстан мен Швейцария үкіметіне " Храпуновтың Қазақстан азаматы болған кездегі заңсыз әрекеттері жайлы ақпаратты ұсынып, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін оны Қазақстанға кері қайтаруды" көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG