Accessibility links

Интерпол WikiLeaks басшысына іздеу жариялады


Интерпол WikiLeaks интернет-сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанжге халықаралық іздеу жариялады.

Бұдан бұрын Швейцария Эссанжді қыз зорлады деп айыптаған еді. Соңғысы бұл айыпты жоққа шығарады. Қазіргі таңда қайда екендігі белгісіз WikiLeaks басшысы осы іске қатысты тергеуге қатысуы тиіс.

Өткен жексенбі күні WikiLeaks мыңдаған құпия құжаттарды жариялаған. АҚШ билігі құпия құжаттардың көпшілікке жария болуын зерттеу мақсатында қылмыстық іс қозғағандығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG