Accessibility links

Дағыстандағы рейд кезінде 8 адам қаза болды


Шешенстанмен шекаралас Дағыстан республикасындағы атыста 8 адам қаза тапты деп қауіпсіздік күштері хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің өкілі айтқандай, жексенбі күні Дағыстанның батысындағы ауылдағы бір үйде күдікке ілінген алты адамды полиция күштері қоршап алған.

Қауіпсіздік күштеріне берілуден бас тартқан олармен атыста бүлікшілер мен бір полиция қызметкері оққа ұшқан. Қақтығыстың тағы бір оғы 9 жастағы балаға тиген.

Дағыстан мен оған жақын Солтүстік Кавказ елдерінде қауіпсіздік күштері мен исламистік топтардың қақтығысы жиі орын алып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG