Accessibility links

Халықаралық сот Пхеньянға байланысты тергеуді бастады


Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Луис Морено-Окампо 6 желтоқсан, дүйсенбі күні әскери қылмыс жасады деген болжамға сүйене отырып, КХДР-ға байланысты алдын-ала тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.

Прокурордың айтуынша, әңгіме өзегі - Оңтүстік Кореядағы Йонпхендо аралының жуықта артиллерия шабуылына ұшырап, төрт адамның (екеуі - әскери қызметкер, екеуі - бейбіт тұрғын) мерт болғаны.

Бортында 46 теңізшісі бар "Чхонан" корветінде наурыз айында болған кісі өлімі де тергеледі. Ал Пхеньян "кемені атқылаған - Солтүстік Корея қаруы" деген айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG