Accessibility links

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Гуантанамоның жабылуына қарсы


АҚШ конгресінің өкілдер палатасы терроризмге қатысы бар деген күдікпен Гуантанамода қамауда жатқан азаматтарды АҚШ территориясындағы түрмелерге көшіруге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Әсіресе құжатта 11 қыркүйектегі терактіні ұйымдастырушылардың бірі деп танылған Халид Шейх Мохаммедтің АҚШ-қа кіргізілмеуі туралы айтылған.

Заң жобасы Сенатқа жіберілді. Егер ол мақұлданып, күшіне енсе президент Барак Обаманың сайлау алдында берген уәдесі орындалмай қалуы мүмкін. Обама өз кезінде Гуантанамодағы түрмені жабамын деп уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG