Accessibility links

WikiLeaks жақтастары Сара Пэйлиннің сайтына шабуыл жасады


Хакерлер Аляска штатының бұрынғы губернаторы, америкалық консерваторлардың арасындағы танымал саясаткер Сара Пэйлиннің сайтына шабуыл жасады.

Пэйлиннің өзі мұның артында WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Эссанждың жақтастары тұр деген сенімде. Ол бұған дейін WikiLeaks сайтының АҚШ құпия құжаттарын жариялағанын қатаң сынаған еді.

Бұдан бұрын хакерлер - Эссенждің жақтастары Mastercard пен Visa төлем карточкалары мен швейцарлық PostFinance банкінің жүйесін істен шығарып тастады.

Аталған төлем жүйелері WikiLeaks-ке түскен ақшаны аударудан бас тартып, ал швейцарлық банк Эссанждың есеп-шоттарын жауып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG