Accessibility links

Қытайдың жоғары өкілі Солтүстік Корея президентімен кездесті


Бүгін Қытайдың жоғары ресми өкілі Корей түбегіндегі ахуал қиындап тұрған шақта Пхеньянда Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ирмен кездесті.
Қытайдың Синьхуа агенттігінің жазуынша, Қытайдың сыртқы саясат бойынша жоғары өкілі Дай Бинго мен Ким Чен Ир өзара байланыстар мен Корей түбегіндегі жағдайға байланысты келіссөздерде бір мәмілеге келген. Бұл кездесудің егжей-тегжейлі мәліметтері толық айтылмады.

Бейжің Пхеньянның аймақтағы үлкен одақтасы, сол себепті Қытай қарашаның 23-де Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея аралын атқылап, 4 адам қаза тапқан оқиғадан кейін жағдайды реттеуге шақырған халықаралық қысым астында қалып отыр.

Сәрсенбі күні АҚШ адмиралы Майк Мюллен Қытайды Солтүстік Кореяны басу үшін қажетті шаралар жасамай отыр деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG