Accessibility links

Косовода парламент сайлауы өтуде


Бүгін Косово жаңа парламенті үшін дауыс беріп жатыр. Бұл этникалық албандардың үш жыл бұрын Сербиядан бөлініп шыққаннан бергі алғашқы парламент сайлауы.

Алдын-ала жүргізілген сауалнамалар басты бәсеке биліктегі Косово премьер-министрі Хашим Тачидің Демократиялық партиясы мен Приштина қаласының әкімі Иса Мустафа жетекшілік ететін Косовоның демократиялық лигасы арасында болатынын көрсеткен.

Косоводағы 120 орындық парламентке депутаттар сайлауға елдегі дауыс беру құқы бар 1,6 миллион адам қатыса алады.

Косово парламентіндегі 10 орын серб азшылық топтарына беріледі. Бірақ хабарларға қарағанда, Косово сербтерінің көбісі сайлауға бойкот жариялап отыр. Еуропа Одағы Косово билігін әділ әрі ашық сайлаулар өткізуге шақырған.
XS
SM
MD
LG