Accessibility links

Косово премьер-министрі сайлауда жеңіске жеткендігін айтты


Косово премьер-министрі Хашим Тачи жексенбі күні өткен парламент сайлауында өзі жетекшілік ететін Демократиялық партия жеңіске жеткендігін мәлімдеді.

Экзит-полдың мәліметі бойынша, Тачи партиясына сайлаушылардың 31 пайызы дауыс берген. Ал оның негізгі бәсекелесі - Демократиялық лиганың жетекшісі, Приштина қаласының мэрі Иса Мустафа - шамамен 25 пайыз дауыс жинаған.

Сайлаудың ресми қортындысы бүгін жария етіледі.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беруге сайлаушылардың тек 48 пайызға жуығы ғана қатысқан.

Бұл сайлау 2008 жылы ақпанда Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғаш өтіп отыр. Косовоның солтүстігіндегі сербтер сайлауға мүлдем қатыспады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG