Accessibility links

Дулат Исабековтың бұл қай сөзі?


Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл.
Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл.
Өз басым шығармаларын құр жібермейтін жерлес ағам Дулат Исабековтың «Дат» жобасымен шығатын «Общественная позиция» газетіндегі (№43(80), 01.12.2010) сұхбатын оқып, Қазақ елі жазушыларының ішіндегі соңғы зиялыдан да «айырылғанымды» түсіндім. Н.Назарбаевқа «жанап» кеткендер неге соның сөзін сөйлей береді деген ойым қоюлана түсті.

Сонда бұл не? Бір атақ үшін, болмаса «қайырымсыз дүниеге» бола қауқарсыз елін қалжыратқаннан басқа не ұтты? Осыған дейін «лепіріп» келгендерінің бәрі өтірік болып шыққаны ма? Жоқ әлде «басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқтығын» толықтай дәлелдегені ме Дулаттың?

Әншейінде «Тірліктің астарына үңілмей, одан бір толықтай қорытынды шығармай, еш нәрсеге баға беруге болмайды» деп, көкірегі аяққаптай болатын Дулаттың да «дімкәстікке» ұшырағаны ма әлде?

«Мен өз кезегімде Қазақ телевидениесінде бас директор болып қызмет атқардым. Алайда қол астымдағы 3,5 мың адамның қайсысы қай рудан екенін білмеппін» деп бөседі бір жерінде. Сонда Дулаттың да әлгі жоғарығыдағы жолыққан адамы сияқты «жалғыздық» ауруына ұшырағаны ма? ( Әлде, «осы сөзді айтар болсаң сені сол орынға – «Жазушылар Одағына төрағалыққа қоямын» деген ана «жалғыздың» уәдесін алды ма екен?)

Неге басқа қазақты ол өзіндей санамайды? Неге бұл рушылдық ауруын төмендегілер емес, жоғарығылар (билік) бәсеңдетпей, араларына от тастап отырғанын біле отырып, көз жұмады? Неге Дулат осы жерге келгенде сараптамаға селқос қарайды?

Ал ол (Д.Исабеков) сұхбатында өз халқына былай деп «арнау» айтып өтіпті.
«Я могу ответить со своей колокольни. Как бы горько ни было осознавать, мы как нация еще не сформировались. Это главная причина. Мы пока остались на уровне толпы, прошлого, средневековья».

Құдды, ілгерідегі Н.Назарбаевтың «Бұл жерде мемлекет те, шекара да болмаған» деген бейпіл ауыздан шығарған сөзінің қайталамасындай!
XS
SM
MD
LG