Accessibility links

Венесуэла парламенті президент Чавеске қосымша өкілеттіктер беруді мақұлдады


Венесуэла президенті Уго Чавеске қосымша өкілеттіктер беру мәселесін қараған ел парламенті – Ұлттық Ассамблея бірінші дауыс беру барысында өзгерістерді жақтады.

Жаңа өзгерістердің арасында Уго Чавестің президент қызметіндегі өкілеттігін бір жылға ұзарту да бар. Бұл мәселе бойынша қорытынды дауыс беру апта соңына дейін өткізілмек.

Бұған дейін Чавес биыл елде болған су тасқынының зардабын жою үшін парламенттен өзіне қосымша өкілеттіктер беруді сұраған еді. Оппозициялық күштер президентті «диктатор болғысы келеді» деп сынады.

1999 жылдан бері Венесуэла президенті қызметінде отырған Уго Чавестің қазіргі – үшінші президенттік мерзімі 2013 жылы бітуі тиіс.
XS
SM
MD
LG