Accessibility links

Алматы тұрғындары жер телімін заңдастыруды талап етті


Бүгін Алматыдағы Шаңырақ, Трудовик, Ұлжан ықшамаудандарының тұрғындары қалалық әкімдік алдына жиналып, өздерінің жер телімдерін заңдастыруды талап етті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ондаған тұрғын қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездестіруді талап етті. Кездесуге шыққан қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановқа да арыздарын бермей тұрып алды. Жиналғандар мұның себебін Сейдумановқа сенбейтіндігімен түсіндірді.

Тұрғындар арыз хаттарын қалалық ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары Рашид Дәулетовке табыс етіп, содан кейін тарап кетті. Бірақ осы арыздарынан қорытынды шықпаса, Азиада кезінде наразылық акциясын өткізетіндігін айтты.
XS
SM
MD
LG