Accessibility links

Ходорковскийге қатысты сот үкімі кейін шығарылмақ


Бұрынғы "Юкос" мұнай компаниясының басшысы Михаил Ходорковскийге қатысты екінші сот үкімінің оқылуы желтоқсанның 27-cіне қалдырылды.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, үкімді бүгін Мәскеу судьясы оқуы тиіс болатын, бірақ сот өкілдері оның кейінге қалғанын мәлімдеген.

2003 жылы Ходорковский "алаяқтық жасады" және "салық төлеуден бас тартты" деген айыптар бойынша түрмеге қамалған. Енді оған "Юкостың" еншілес кәсіпорындарынан құны 27 миллиард долларлық мұнайдың ұрлануына қатысы бар деген айып тағылып отыр.

Егер Ходорковский мен оның іскерлік әріптесі Платон Лебедев айыпты деп танылса, олар 2017 жылға дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Ходорковскийдің қолдаушылары оған тағылған айыптардың саяси астары бар дейді.
XS
SM
MD
LG